Биыл 45 елді мекен интернетке қосылды – ШҚО

Биыл Шығыс Қазақстан облысына қарасты 45 елді мекен интернетпен қамтамасыз етілді. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев айтты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде ауыл халқының 88%-ы интернет желісіне қосылған. Екі жылдың ішінде облысты толықтай интернетпен қамту жоспарланып отыр.
—    Жыл басынан бері 45 елді мекенге операторлармен және республикалық ғарыштық байланыс орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде интернет тартылды. Тағы 13 жоба аяқталуға жақын. Оның ішінде шалғайда орналасқан 6 ауылдағы пилоттық жоба «Кар-Тел» және «Starlink» компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылмақ, — деді облыс әкімі. 
Сондай-ақ 16 елді мекенді мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен 18 антенна-діңгектің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде төртеуіне  байланыс операторларының жабдықтары орнатылуы керек. 
—    Ал білім ордаларына келетін болсақ, қазір 344 мектептің тек 40-ы ғана әлсіз интернетпен қалды, 2025 жылы бұл мәселе шешіледі. Қазір 161 мектепте «Starlink» спутниктік интернет орнатылған, — деді Ермек Беделбайұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button