Облыс орталығында «Altai Photo Life» байқауының көрмесі ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Өткен сенбіде А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада 3-ші аймақтық фотобайқаудың жеңімпаздары марапатталды.Байқауға Шығыс өңірінен бөлек көрші Абай облысынан және шетелдерден қатысқандар да болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, төрт жүзден астам жұмыс қаралған.
«Әр жұмыс табиғатқа деген сүйіспеншілік пен шеберлікті көрсетеді. Көрменің мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеясын дәріптеу, адам мен табиғаттың өзара байланысына назар аудару және табиғи алуан түрлілікті сақтау. Сала мамандары 100 үздік жұмысты іріктеп, 32 қатысушыға жүлде үлестірді», - деді кітапхана мамандары.
Айта кетейік, көрме жылдың аяғына дейін ашық болады.
«Алтай табиғатының сұлулығын талантты фотографтардың көзімен тамашалап шабыт алыңыз және табиғатты қорғау идеяларын қолдауға үлес қосыңыз», - дейді кітапханашылар.