Катонқарағай ұлттық паркінде сирек кездесетін сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркінде сирек кездесетін сілеусін, сібір тау ешкісі, бүркіт фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді. 

– Бұл  кадрлар жабайы табиғатты  зерттеу және сирек кездесетін түрлерді қорғау үшін маңызды дереккөз саналады. Мұндай деректер Оңтүстік Алтайдың биологиялық алуантүрлілігін зерттеу мен сақтауға үлкен мүмкіндік береді, —  делінген  Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің хабарламасында. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button