БастыЖаңалықтар

Өскеменде роботтың көмегімен нейрохирургиялық ота жасалды

Өткен аптада Ана мен бала орталығында навигация жүйесі мен ЖИ технологиялары қолданылатын Remebot RM-200 роботтандырылған кешенінің көмегімен алғашқы нейрохирургиялық ота жасалды.

Құны 433 млн теңгеден асатын жабдық «Самұрық-Қазына» қолдауымен «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы сатып алынған болатын.

«Самұрық-Қазына» АҚ мәліметінше, Remebot RM-200 кешенінің негізгі артықшылықтарының бірі – нейрохирургиялық отаны бастамас бұрын ол хирургиялық жұмыстарды жоғары дәлдікпен жоспарлай алады. Жүйе 3D-жоспарлау, навигация және жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған. КТ және МРТ деректері негізінде мамандар дайындық кезеңінде хирургиялық жұмыстар жасалатын аймаққа жетудің оңтайлы траекториясын анықтайды. Робот операцияны өздігінен жасамайды – барлық хирургиялық манипуляцияларды дәрігер орындайды.

Кешен өңірде нейрохирургиялық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жаңа жабдық күрделі нейрохирургиялық емдеуді қажет ететін балалар мен басқа да пациенттерді емдеу үшін қолданылады, – делінген хабарламада.

Ана мен бала орталығы мамандарының айтуынша, роботтандырылған кешен операцияға дейінгі дайындық пен навигацияның дәлдігін арттыруға, сондай-ақ мекеме базасында жасалатын нейрохирургиялық ота түрлерінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button