Өскеменде «УАЗ» өртеніп кетті
Өрт 24 шілде күні Грейдерная – Бажов көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Куәгерлер таратқан бейнетаспада жүріп бара жатқан көліктің өртенгені түсірілген. Сол маңдағы көліктер одан қашып үлгерген. Алайда оның ішінде көлікті тізгіндеушінің бар—жоғы көрінбейді.
– Өрт сөндірушілер 5 шаршы метр аумақты өртке ораған \»УАЗ\» автокөлігін сөндірді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта зардап шеккендер жоқ делінген.



