Жаңалықтар

Зайсаннан науқас тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ ұшағы Зайсан – Өскемен бағыты бойынша санитарлық авиация рейсін орындады.

Әуе кемесінің бортында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 1976 жылы туған науқас болды.

– Ұшу барысында медицина мамандары науқастың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті қолдау шараларын жүргізді. Ал ұшқыштар науқасты қауіпсіз әрі жедел жеткізуді қамтамасыз етті. Өскемен қаласына қонғаннан кейін науқас әрі қарай ем алу үшін тиісті медициналық мекеменің дәрігерлеріне тапсырылды, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button