ШҚО-да пиротехника саудасына бақылау күшейтіледі

Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең 2026 жылғы 16–30 қараша аралығын қамтыса, екінші кезең 2026 жылғы 25 желтоқсаннан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін жалғасады.
«Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдар сатылатын сауда орындарын тексеріп, заңсыз сауданың жолын кесуге бағытталған жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар тұрғындарға пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз сатып алу және пайдалану тәртібі түсіндіріледі.
Облыс тұрғындары пиротехникалық бұйымдарды төмендегі мекенжайлар бойынша сатып ала алады.
Өскемен қаласы:
«Улан» ЖШС – Виноградов көшесі, 17А («Дос-Нар» сауда үйі); Бажов көшесі, 33/1 («Самал» сауда үйі); Қазақстан көшесі, 62 («ADK RIVER» сауда үйі);
«СТиК» ЖШС – Қ. Сәтбаев даңғылы, 51 («MAXI MALL» сауда үйі); Жібек Жолы көшесі, 1 («Магнум» сауда үйі); Бажов көшесі, 110 («АДК» сауда үйі);
«PANNDA» ЖШС – Қ. Сәтбаев даңғылы, 84 («Fresh Market» сауда үйі).
Риддер қаласы:
«Улан» ЖШС – Тәуелсіздік көшесі, 39 («Валентина» сауда үйі).
Алтай қаласы:
«Алтай Салют» ЖШС – Первомайская көшесі, 23/2.
Полиция тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды тек мамандандырылған сауда орындарынан сатып алуға, сәйкестік сертификаттарының бар-жоғын тексеруге және пайдалану нұсқаулығын қатаң сақтауға шақырады.



