Жаңалықтар

Өскеменде автотұрақта дрифт жасаған әйел жауапкершілікке тартылды

Өскеменде полиция қызметкерлері автотұрақ аумағында қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.          

Toyota Chaser автокөлігінің жүргізушісі дрифт жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген әрі автотұрақтың жол жабынына зақым келтірген.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушы анықтады. Әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Оның әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық ретінде сараланды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button