Жаңалықтар

ШҚО-да асфальтқа граффити салған жігітке 150 мың теңгеден астам айыппұл салынды

Шемонаиха ауданының Рассыпное ауылында асфальтқа әдепсіз граффити салған жас жігітке айыппұл салынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.            

Құқық бұзушылықты Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің мобильді тобы профилактикалық жұмыс барысында анықтады. Тексеру нәтижесінде граффити салған адамның жеке басы анықталып, оның 19 жастағы жас жігіт екені белгілі болды.

– Сотта анықталғандай, ол қара түсті аэрозоль бояумен әдепсіз сипаттағы сурет пен жазу салып, қоғамдық орынның көркін бұзған. Жас жігіт өз кінәсін мойындап, болған жағдайға өкінетінін білдірді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот әкімшілік жаза ретінде 35 АЕК, яғни 151 375 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындады, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button