БастыЖаңалықтар

Алтай ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Еркін Тұраров Алтай ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.          

Ауданның жаңа әкімін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сапанов таныстырды.

Еркін Тұрарұлы 1986 жылы 1 шілдеде Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында дүниеге келді. Екі жоғарғы білімі бар. 2008 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Сәулет» мамандығы бойынша бітірді, 2020 жылы Қазақстан-Америка еркін университетін «Экономика» мамандығы бойынша тамамдады.

Еркін Тұрарұлының еңбек жолы құрылыс саласында басталды. «Промстрой» ЖШС жобалық тобында сәулетші болып істеді.

Әр жылдарда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының жетекші маманы, сектор меңгерушісі, құрылыс бөлімі басшысының орынбасары. 2016-2017 жылдар аралығында «KazInvestStroy» ЖШС құрылыс жөніндегі директоры лауазымында қызмет атқарды.

2022-2024 жылдары Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне басшылық етті. 2024 жылғы сәуірден қараша айына дейін Шығыс Қазақстан облысының сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарып, кейіннен осы басқарманың басшысы лауазымына тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button