Жаңалықтар

Марқакөл ауданында өрт сөндіру бекеті салынады

Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылында өрт сөндіру бекеті салынады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.          

Аудан әкімдігі мен «ГРК МЛД» ЖШС арасында әлеуметтік серіктестік аясында маңызды келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес, Ақбұлақ ауылында заманауи өрт сөндіру бекеті салынатын болады. Бұл жоба ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.

Аудан әкімдігі тарапынан жер телімі бөлініп, «ГРК МЛД» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастауды жоспарлауда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button