Жаңалықтар

Өскеменнің сол жағалауында ескек есу арнасы мен жаңа қоғамдық кеңістік ашылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменнің сол жағалауындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобасымен танысты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.         

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба аясында байдарка мен каноэде жарыстар өткізуге арналған ескек есу арнасының арнайы учаскесін жасау көзделген.

Су айдынының ұзындығы 1200 метр, ені 80-110 метр, тереңдігі 2,5 метрді құрайды. Жоба тек спорттық инфрақұрылыммен шектелмейді.

– Су айдынының жағалауын абаттандырып, тұрғындар мен қала қонақтарының демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген. Жағалауда концерт алаңы, балалар ойын алаңы және жағажай волейболына арналған спорт алаңын салу көзделген. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған Арбат ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button