ШҚО спортшысы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Шығысқазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
2 қазанда Тоёхаси қаласында таеквондо WT-дан 80 келіге дейінгі салмақта 16 елдің спортшылары бақ сынады. Қазақстан намысын қорғаған Батырхан жарысты 1/8 финалдан бастады.
Алғашқы белдесуде ол Таиланд өкілі Промпатчу Криттайотпен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін ширек финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қытай спортшысы Сян Цичжанды дәл осындай есеппен ұтты.
Финал жолдамасы сарапқа салынған жартылай финалда Батырхан Қытай Тайбэйінің өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы 2:1 есебімен басым түсті.
Осы нәтижемен Батырхан Төлеуғали алғашқы Азиадасында қола медаль еншіледі.
Шығыс Қазақстанның жас спортшысы үшін бұл – үлкен додадағы алғашқы жүлде. Жапония татамиіндегі нәтижесі Батырханның халықаралық аренадағы тәжірибесін толықтырып, алдағы жарыстарға жаңа мүмкіндік ашты.



