Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан кейін оқиға орнынан қашпақ болған жүргізуші ұсталды

Өскеменде мас күйінде жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.            

ШҚО ПД Жедел басқару орталығына жүргізушінің, алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік масаң күйде жол апатын жасап, оқиға орнынан кетуге тырысқаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Жүргізуші көлігін тастап, қашуға тырысқанымен, тәртіп сақшылары оны ұстады.

– Ұсталған азамат 45 жастағы ер адам. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның алкогольдік масаң күйде болғаны және масаңдық дәрежесі орташа – 3,48 промилле екені анықталды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Аталған құқық бұзушылық бойынша оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button