Рахман қайнарына апаратын жол жөнделді
Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының учаскесі алдағы демалыс күндері ашылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Облыста республикалық маңызы бар автожолдың 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
– Біз жолдың соңғы шақырымына асфальттың үстіңгі қабатын төсеп жатқанын көрдік. Мүлде басқа сезім екен. Ақ Берелдің үстімен ирелеңдеген жолмен жоғары қарай көтеріліп барасың. Енді Рахман көліне көлігіңді қинамай-ақ жетесің. Бұл – Шығыс Қазақстан туризмі үшін үлкен жетістік. Бірақ енді ең маңыздысы осы табиғатты таза күйінде сақтап қалуымыз керек. Бұл – халықтың да, мемлекеттің де міндеті, – деп жазды кәсіпкер, ресторатор Мұхтар Тойбазаров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



