Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтеді

2-3 қазан аралығында Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени-шығармашылық күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
2 қазан күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Катонқарағай ауданының шығармашылық ұжымдары қала тұрғындарына концерттік бағдарламасын ұсынады.
3 қазан таңертеңнен бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы маңында Катонқарағайдың ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Мұндай шаралар облыс орталығында бірнеше жылдан бері жұма және сенбі күндері ұйымдастырылып келеді. Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандары өздерінің спорт пен мәдениет саласындағы жетістіктерін музыка, сахнадағы қойылымдар және ауыл шаруашылығы өнімдері арқылы таныстырады.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, марапатталады.



