Жаңалықтар
Өскеменде жол апатынан 4 адам зардап шекті

Оқиға 29 қыркүйек күні сағат 14:30 шамасында болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 29 қыркүйекте сағат 14:30 шамасында Ертіс көпірінде ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінді.
Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.



