Жаңалықтар

Шығыстың үздік педагогтері анықталды

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, «Үздік педагог» конкурсы жыл сайын педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, облыстық білім жүйесін, соның ішінде қала мен аудан педагогтерінің жетістіктерін бағалау болып қала береді.

Конкурстың I-і кезеңіне (аудандық, қалалық) 51 педагог қатысты. Олардың 20-ы екінші (облыстық) кезеңге өтіп, 10 педагог республикалық (ІІІ) кезеңге жолдама алды:

– Назигуль Ақыбаева – педагог-шебер, ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

– Бигуль Абежанова – педагог-шебер, ШҚО білім басқармасы Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Опытное поле жалпы білім беретін мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

– Гүлшат Бакетаева – педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

– Бақытгүл Табиева – педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

– Татьяна Дрогунова – педагог-шебер, «Исток» жеке меншік жалпы оқу мектебі»мекеме», бастауыш сынып мұғалімі;

– Риза Куленова – педагог-зерттеуші, ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;

– Гулмира Сапаргалиева – педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғарғы педагогикалық колледжі» КМҚК, математика пәнінің оқытушысы;

– Светлана Трофимова – педагог-зерттеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 орта мектебі» КММ, информатика пәні мұғалімі;

– Мәдина Серікқызы – педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, ағылшын пәні мұғалімі;

– Наталия Левыкина – педагог-зерттеуші, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, математика пәні мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button