Жаңалықтар

Өскеменде Ұлттық ұлан сарбаздары 60-қа жуық күмәнді түйіншек тапты

Өскеменде Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері патрульдеу кезінде Потанин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласынан 60-қа жуық күмәнді ораманы анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Күмәнді затты қатардағы жауынгерлер Давид Хасенов пен Артур Двинянин байқаған.

– Патрульдеу кезінде аумақты, соның ішінде қараңғы әрі көзге бірден түсе бермейтін жерлерді мұқият тексереміз. Қалың ағаштардың жанынан өтіп бара жатқанда күдікті затты байқадым. Сыртқы түріне қарап, оның ішінде есірткіге ұқсас зат болуы мүмкін деп болжап, дереу әскери жасақ бастығына баяндадым. Бұдан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды, – деді қатардағы жауынгер Давид Хасенов.

Барлығы 60-қа жуық түйіншек анықталды. Орамалардың сырты қызыл, көк және қара түсті оқшаулағыш таспамен қапталған.

– Табылған түйіншектер тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Мамандар олардың нақты құрамын және заттың түрін анықтайды, – делінген хабарламада.

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

Басқа жаңалықтар

Back to top button