Жаңалықтар
ШҚО-да тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешені салынады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алматыда өткен «Қазақстан-Қытай» форумында меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Beijing Tizhi Trading Co., Ltd. компаниясымен тұрмыстық және тұнба қалдықтарын өңдеу кешенін іске асыру жобасы қолға алынбақ.
Жобаға 35,8 млрд теңге инвестиция салынады деп күтілуде. Кешеннің есептік қуаты тәулігіне 500-700 тонна болады.
Жоба полигондарға көмілетін қалдықтар көлемін азайтуға, жылына кемінде 59 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіруге және көгалдандыруға арналған органикалық тыңайтқыш шығаруға мүмкіндік береді.



