Жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер Азия ойындарының чемпионы атанды

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұлттық құрама сапындағы Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов пен Кирилл Проходов финалда Оңтүстік Корея спортшыларымен кездесті. Шешуші сәтте Кирилл Проходов сәтті шабуыл жасап, командаға жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 43:42. Осылайша, біздің семсерлесушілер Азия ойындарында 24 жыл ішінде алғаш рет жеңіске жетті.

«Спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер!» – деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өзінің жеке парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button