Жаңалықтар

Шығыста Қытай мен Ресей арасын жалғайтын жаңа транзиттік бағыт ұсынылды

Шығыс Қазақстанда Қытай мен Ресей арасында Ертіс арқылы өтетін жаңа транзиттік маршрут жобасы қарастырылып жатыр.

Ұсыныс бойынша Тұғылда өзен портын салып, елді мекеннен Майқапшағайға дейін ұзындығы 99 шақырым болатын теміржол тарту жоспарланған. Сонымен қатар Қытай шекарасында Майқапшағай – Зимунай жаңа теміржол өткізу пунктін құру көзделіп отыр.

Жаңа бағыт өзен, теміржол және автомобиль көлігін біріктіріп, Қытай, Қазақстан және Ресей арасында жүк тасымалдаудың қосымша жолын қалыптастыруы тиіс.

Жоба Майқапшағай мен Уба өткізу пункттері арқылы өтетін қазіргі бағыттарды, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасындағы көпір арқылы өтетін маршрутты толықтырмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button