Жаңалықтар
28 қыркүйекте Риддерде жылыту маусымы басталады

28 қыркүйектен бастап Риддердегі әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беріле бастайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Шығыс Жылу» АҚ-ның Риддер қаласындағы филиалының 24 қыркүйектегі №82 бұйрығына сәйкес және сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасының төмендеуіне байланысты жылыту маусымының басталу мерзімдері айқындалды.
– 28 қыркүйектен бастап әлеуметтік-мәдени нысандарға, 1 қазаннан бастап тұрғын үй қорында, әкімшілік және өндірістік ғимараттарда жылу беріле бастайды. Жылу энергиясын беру бекітілген қосу графигіне сәйкес және объектілердің жылу қабылдауға дайындығына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деп хабарлады «Шығыс Жылу» АҚ-ның Риддер қаласындағы филиалы.



