Жаңалықтар

ШҚО-да 1500 жол белгісі жаңартылды

Шығыс Қазақстан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

«Қауіпсіз жол» жобасы аясында полиция қызметкерлері жол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, жол жағдайы күрделі учаскелерге тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру нәтижесінде қосымша жол белгілерін орнату немесе жол таңбаларын жаңарту қажет учаскелер анықталады.

– Жыл басынан бері облыс аумағында 1500 жол белгісі орнатылып, ауыстырылды. Сонымен қатар 162 мың шаршы метрден астам аумаққа көлденең жол таңбасы жаңадан сызылды, – делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button