БастыЖаңалықтар

Қытай компаниясы шығыстағы ауылды дамытуға 1,5 млрд теңге бөлмек

Қытайдың «Dengbo Success Minerals Ltd.» компаниясы Шығыс Қазақстан облысындағы Верхнеберезовское ауылын дамытуға 2027–2035 жылдары 1,5 млрд теңгеге дейін қаржы бөлуді қарастырып отыр.

Қаражат әлеуметтік осал тұрғындарды қолдауға, түрлі әлеуметтік іс-шаралар өткізуге және әлеуметтік нысандарды жабдықтауға жұмсалмақ. Алғашқы қадам ретінде ауылға «Инватакси» көлігін сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар компания Ұлан ауданында литий өндіруге қызығушылық танытып отыр. Бұған дейін тараптар «Ново-Березовское» кен орнындағы полиметалл кенін өндіру және өңдеу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге келген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button