ШҚО-да 2026 жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары толық аяқталмайды

Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 300 шақырымын жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 167 шақырымында жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қазір облыстық маңызы бар жолдардағы үш учаскеде жөндеу жүргізіліп жатыр:
Өскемен – Самар жолының 53-67 шақырым аралығы;
Күршім – Қалжыр – Ақсуат жолының 37-47 шақырым аралығы;
Васильевка – Бозанбай жолының 0-16,9 шақырым аралығы.
Биыл туристік бағыттардағы жаңа жол жобалары да қолға алынды. Атап айтқанда, жұмыстар Үлкен Нарын аумағындағы, Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы, Сібе көлдері мен Марқакөл көлі маңындағы жолдарды қамтиды. Жөндеу жүргізілетін учаскелердің жалпы ұзындығы – 215 шақырым.
Алайда жоспарланған жол жөндеу жұмыстарының бір бөлігі биыл аяқталмайды.
– Орташа жөндеуге 13,2 млрд теңге қарастырылды. Оның 7,7 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, ал 5,5 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Жекелеген учаскелердегі жұмыстардың белгіленген мерзімнен кешігуіне қаржының уақытылы түспеуі себеп болды. Сондықтан кейбір жұмыстар 2027 жылы жалғасады, – деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құмарова.



