Жаңалықтар
ШҚО-да 210 тонна шөп өртеніп кетті
Самар ауданы Мариногорка ауылының шетінде шамамен 210 тонна шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Өрт шамамен 1 200 шаршы метр аумаққа тараған.
Зардап шеккендер жоқ.
– Шөптің жану себептері анықталуда. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің, шаруа қожалығының, орман шаруашылығының және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.



