Жаңалықтар
Өскеменде әйел терезеден құлап кетті

Өскеменде 70 жастағы әйел екінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Оқиға Космическая көшесіндегі үйлердің бірінде болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйелдің екінші мойын омыртқасы сынған. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр.
Қазір әйел жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.



