Жаңалықтар

ШҚО-да балық бағасын өсірудің заңсыз схемасы анықталды

Шығыс Қазақстан облысында электрондық шот-фактураларды талдау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мұздатылған табан мен көксерке балығының бағасын жасанды түрде өсіру схемасы анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, жергілікті жеке кәсіпкер балықты тікелей шаруа қожалығынан ең төменгі көтерме өзіндік құны бойынша сатып алғаны белгілі болды. Алайда, өнімді сөрелерге тікелей жеткізудің орнына, өзара байланысы бар тұлғалардың тізбегі құрылған.

Кәсіпкер тауардың құнын әдейі көтеріп, өнімді қызына тиесілі бөлшек сауда дүкеніне бағыттап отырған.

– Тексеру материалдарына сәйкес келісіне 75 теңгеден сатып алынған табан балық отбасылық дүкенге 130 теңгеден жеткізілген. Бұл 73 пайыздық үстеме бағаны құраған. Ал көксеркенің сатып алу бағасы келісіне 415 теңге болса, бөлшек сауда нүктесіне 1200 теңгеден өткізілген. Нәтижесінде үстеме баға 189 пайызды құраған. Кейіннен бұл отбасылық дүкенде балық тазартылған түрде тұтынушыларға айтарлықтай қымбат бағамен сатылған, – деп хабарлады облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button