Жаңалықтар

Өскемендегі айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

10 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін сағат 10:00-ден бастап жол өтпесінің аралық құрылымына монолитті жұмыстардың жүргізілуіне байланысты айналма қиылыстың бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Айналма қиылыс арқылы өту тиісті жол белгілері мен қоршаулар орнатылған уақытша қозғалыс схемасы бойынша ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Есенберлин даңғылы айналма қиылыс бағытына қарай жабылады. Осы бағыттағы қозғалыс Сәтбаев даңғылы арқылы ұйымдастырылады.

– Жүргізушілерден уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button