Жаңалықтар

Өскеменде «Shygys Book Fest – 2026» кітап фестивалі өтеді

11 қыркүйек күні 14:00-19:00 аралығында Өскеменнің көрікті орындардың бірі – Арбатта «Shygys Book Fest – 2026» кітап фестивалі өтеді. 

Іс-шараны «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ және А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль барысында келушілер кітапты тек тамашалап қана қоймай, әдеби шығармаларды тануға, өз білімін сынауға, авторлармен жүздесуге, жаңа кітаптармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

Шара аясында Мейірбаев Есенбек Айтқазыұлының демеушілігімен жарық көрген «Қабанбай» кітабының кітабының тұсаукесері жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, театрландырылған көрініс болады.

– Іс-шараның өтуіне қаламыздағы бірнеше кітапхана және аудандық кітапханалар қатысады. Әрбір кітапхана өздерінің кітап көрмелерімен, ойын алаңдарымен, шығармашылық жұмыстарымен қала жұртын қарсы алады. «Shygys Book Fest – 2026» – оқырман мен авторды жақындастыратын, әдебиетті заманауи форматта насихаттайтын ерекше мәдени алаң, – дейді ұйымдастырушылар.

Фестивальдің негізгі идеясы – оқитын, ойлайтын, білімді қоғам қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button