Бұрынғы «Азия Авто» орнына Қытайдың алпауыт көлік компаниясы келуі мүмкін

Өскеменде бұрынғы «Азия Авто» автомобиль зауытының аумағында жаңа өндіріс ашылуы мүмкін. Жобаға ықтимал қатысушылардың қатарында қытайлық Dongfeng Motor Corporation компаниясы бар.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Tricar Motors және Dongfeng Kazakhstan компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар автомобиль компоненттері мен арнайы автокөлік техникасын өндіретін кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Қазір жоба бастапқы кезеңде тұр. Тараптар қандай өнім шығарылатынын, өндірістік қуаттылық пен инженерлік инфрақұрылымға қойылатын талаптарды, сондай-ақ жобаны іске асыру тетіктерін талқылауда.
Болашақ өндірістің инвестиция көлемі, қуаттылығы мен іске қосылу мерзімі әзірге анықталған жоқ. Бұл параметрлер келіссөздер аяқталып, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленгеннен кейін айқындалады.
ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасының мәліметінше, жоба бұрынғы автозауыт аумағында өнеркәсіптік өндірісті қайта жандандырудың тәсілі. Жоба іске асса, жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарының ашылып, өңірде құны жоғары өнім өндіріледі.



