БастыЖаңалықтар
Самсоновкада жаңа комьюнити-орталық ашылды

Жаңа орталықта кітапхана, полиция пункті, аймақтық басқару орталығы және қоғамдық, мәдени іс-шаралар мен кездесулер өткізуге арналған акт залы бар.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, бұл – жай ғана жаңғыртылған ғимарат емес, ауыл тұрғындарын біріктіретін маңызды орын.
– Мұнда әр буын өкілдері бас қосып, балалар мен жастар түрлі іс-шараларға қатыса алады. Ал ауыл тұрғындары өзекті мәселелерді талқылап, жаңа бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады, – дейді аймақ басшысы.
Мұндай орталықтар тұрғындардың бір-бірімен араласуына, ортақ мәселелерді бірге шешуіне және ауылдағы қоғамдық өмірдің жандануына жол ашпақ.




