ШҚО-дан Құрылтайға кім барады?

Шығыс Қазақстан облысының мүддесін Құрылтайда алты депутат қорғайды.
Олар екі саяси партиядан сайланды. Жаңа депутаттарға Шығыс Қазақстан тұрғындарының мәселелерін республикалық деңгейде көтеру міндеті жүктеледі.
«Әділет» партиясынан:
* Ербол Нұрғалиев — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
* Аяужан Ашимова — ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Талдау және болжау институтының директоры;
* Динара Закиева — ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі;
* Ерлан Саиров — VIII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, саясаттанушы;
* Асель Баденова — «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының көшбасшысы.
«Ауыл» партиясынан:
* Ажар Қажібекова — ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
Депутаттар өңірдегі ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, экология және өңір инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелерді Құрылтайға жеткізеді. Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді.
Айта кетейік, Ербол Нұрғалиев пен Ажар Қажібекованың Құрылтай құрамына өтуіне байланысты облыс әкімінің орынбасары және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерінен босайды.



