БастыЖаңалықтар

ШҚО-да қоршаған ортаны қорғау үшін 21 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысында 2026–2028 жылдары қоршаған ортаны қорғауға 21 млрд 12,8 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. Депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарады.

Жоспарға өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған 38 іс-шара енгізілген.

Қаражаттың ең қомақты бөлігі су нысандарын қорғауға бөлінеді – 12 млрд 3,6 млн теңге. Қалдықтарды басқаруға 4 млрд 711,2 млн теңге, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғауға 2 млрд 492,2 млн теңге қарастырылған.

Атмосфералық ауаны қорғауға 1 млрд 293,6 млн теңге, жағалау аумақтарын қорғауға 132,1 млн теңге, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 350 млн теңге бағытталады.

Бұдан бөлек, экология саласындағы ғылыми-зерттеу және өзге де жұмыстарға 30 млн теңге қарастырылған.

Жоспарланған шаралар зиянды заттардың ауаға таралуы мен суға төгілуін азайтуға, орман алқаптарын қалпына келтіруге, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтауға бағытталған.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button