БастыЖаңалықтар
ШҚО-да 13 жастағы қыз ат байланған арқанға ілініп қайтыс болды

Риддер қаласында 13 жастағы қыз қайғылы жағдайда қаза тапты.
Жасөспірім мототехникамен келе жатқан. Сол сәтте жол бойында ат байланған арқанға ілініп, ауыр жарақат алған. Қыз алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.
Полиция байланып тұрған ат иесінің жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізген. Оқиға бойынша абайсызда кәмелетке толмаған адамның өліміне әкеп соғу фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу арқанның көше бойында қалай байланғанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.



