Жаңалықтар

ШҚО-да жол апаты қай аудандарда ең көп болады?

Шілде айында өңірде 610 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл маусым айымен салыстырғанда 118 жағдайға көп.

Жол апаты ең көп тіркелген аймақ — Глубокое ауданы. Мұнда бір айда 41 жағдай болған. Одан кейін Алтай ауданында — 36, Ұлан ауданында — 34 жол апаты тіркелді.

Ал Риддер мен Зайсан аудандарында 28 жағдайдан тіркелген.

Ең аз жол-көлік оқиғасы Марқакөл ауданында — 3, Самар ауданында — 6 жағдай болған.

Жалпы шілде айында болған жол апаттарынан 901 адам зардап шеккен. Оның 880-і жарақат алып, 21 адам қаза тапқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button