БастыЖаңалықтар

Бұрынғы әйелін үш ай бойы аңдыған ШҚО тұрғыны сотталды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұрын бірге тұрған әйелін үш ай бойы заңсыз аңдып, телефон арқылы қоңырау шалып, балағат сөздер мен қоқан-лоқы сипатындағы хабарламалар жіберген. Сонымен қатар оның көлігін зақымдаған.

Прокуратура мәліметінше, ер адамның әрекеті сталкинг және мүлікті жоюмен қорқыту ретінде сараланған. Сотта мемлекеттік айыптаушы оның екі эпизод бойынша да кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен ол ҚР Қылмыстық кодексінің 115 және 115-1-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 160 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Прокуратура жеке өмірге қол сұғу және осыған ұқсас құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпайтынын ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button