Жаңалықтар

Өскеменде ашық аспан астында концерт өтеді

29 тамыз күні облыс орталығында Қала күніне орай ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Концерт сағат 19:30-да ШҚО драма және оперетта театрының (Тоқтаров көшесі, 47А ) аумағында ұйымдастырылады.

Кеште оперетта театрының оркестрі, хоры және балет ұжымы өнер көрсетеді.

– Сүйікті әуендер, классикалық музыка, жарқын вокалдық және хореографиялық нөмірлер – барлығы бір сахнада, – делінген хабарламада.

Кіру тегін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button