БастыЖаңалықтар

«Nomad álemi» көшпенділер фестивалі: Шығыс Қазақстанда да ұйымдастырылады

Фестиваль еліміздің үш өңірінде, соның ішінде ШҚО-ның Қасым Қайсенов кентінде де ұйымдастырылады.

Осы күзде Қазақстанда мәдени мұра шабыт көзіне айналып, дәстүр музыка, өнер, білім, гастрономия және заманауи технологиялар арқылы жаңаша пайымдалатын Nomad álemi заманауи көшпенділер фестивалі өтеді.

Фестиваль Қазақстанның үш өңірін қамтиды:

  • 5 қыркүйекте — Ақмола облысының Макинск қаласында;
  • 12 қыркүйекте — Шығыс Қазақстан облысының Қасым Қайсенов ауылында;
  • 19 қыркүйекте — Алматы маңындағы “Біздің Ауыл”  алаңында (5 000 қонақ пен қатысушы жиналады).

Жалпы ивент аясында 15 мыңнан астам адамның қатысады деп жоспарлануда, — дейді ұйымдастырушылар. — Қонақтарды 100-ден астам түрлі белсенділік пен мәдениет, білім, ғылым және креативті индустрия өкілдерімен кездесулер күтеді. Фестивальдің жүрегіне айналатын көшпелі «Шаңырақ» — үйдің, бірліктің және ұрпақтар сабақтастығының символы болмақ. Ол nomad álemi фестивалімен бірге барлық үш өңірді аралап, адамдардың, идеялардың және дәстүрлердің тоғысатын орнына айналады. Осылайша қонақтарды заманауи көшпелі мәдениеттің құндылықтары төңірегінде біріктіреді.

Сондай-ақ фестивальға келген қонақтар бір-бірімен танысып, әңгімелесіп отыратын дастархан жайылмақ. Классикалық рецепттерден бастап, авторлық интерпретацияларға дейінгі түрлі тағамдар ұсынылатын шебердік сабақтары да ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, келушілер  көшпенділердің өмір жолын интерактивті форматта танып-білуге мүмкіндік беретін кеңістік те болады. Қонақтар арт-нысандар мен инсталляцияларды жасауға атсалыса алады.

Фестиваль аясында көшпенділердің аңыздарынан шабыт алған театрландырылған шоу өтеді.

Ал балалар үшін «Болашақ» тақырыптық кеңістігі ашылады. Онда кішкентай қонақтар түрлі мамандықтарды сынап көріп, өздерінің болашақ қаласын құрып, шығармашылық шеберлік сабақтары мен интерактивтерге қатыса алады.

Фестивальге ерекше әрі креативті номад стилінде киініп келгендерге жүлде қарастырылған.

Айта кету керек, спикерлер қатарында мәдениеттанушы, жазушы әрі сценарист Зира Наурызбай, дәстүрлі түркі мәдениетін зерттеуші Дәурен Тасбулатов, мультидисциплинарлық суретші әрі куратор Мансур Смағамбетов, этнограф Айгерім Мұсағажинова, журналист, продюсер әрі тарихи жобалардың авторы Майя Бекбаева және басқа да сарапшылар бар.

Фестиваль сахнасында Yenlik, «Арқайым», «Үркер», ARSHAT, Steppe Songs және dudeontheguitar өнер көрсетеді.

Ал фестивальдің бастамашысы — ірі aitas food-холдингі.

Заманауи номад үшін мәдениет пен дәстүр алға нық қадам басуға мүмкіндік беретін тірек деген ой маған жақын. Ол әлемге, жаңа идеялар мен технологияларға ашық, сонымен қатар өзінің қайдан шыққанын және өзіндік болмысын не қалыптастыратынын жақсы түсінеді. Мен үшін nomad álemi идеясының мәні де осында — бізге ата-бабамыздан жеткен мәдени кодты бүгінгі күннің энергиясымен ұштастырып, оның жаңа қырларын бірге іздеу. Заманауи номад өткен мен болашақтың бірін таңдамайды — ол екеуін байланыстырып, өз жолын қалыптастырады, — деп өз пікірін білдірді Aitas холдингінің стратегия және стратегиялық маркетинг жөніндегі басқарушы серіктесі Айнұр Абжанова.

Фестивальға қатысу ақылы екенін айта кеткен жөн.

Фестиваль билеттерін осы сілтеме арқылы сатып алуға болады:

Басқа жаңалықтар

Back to top button