БастыЖаңалықтар

ШҚО-да «Ауыл аманаты» бойынша мал сатып алуға несие беріле бастады

Шығысқазақстандықтар арасында сұранысқа ие болған несиелендірудің бұл түрі тоқтап қалған еді.

Бұл халықтың наразылығын тудырды. Дегенмен малшылардың өтініші ескеріліп, несиелендіру қайта жанданбақ.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы мал басын көбейтіп, ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруды қайта қарастырады. Өтінімдерді қабылдау және бағдарлама шарттары бойынша кеңес беру «Атамекен МФО» ЖШС, «ШҚО Мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығы» АҚ, сондай-ақ аудандар мен ауылдық округтердің әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады.

Микрокредитті мына мақсаттарға алуға болады:

  • Ірі және ұсақ мал сатып алу;
  • Жылқы мен ауыл шаруашылығы құстарын сатып алу;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларының басын көбейту.

Шарттары:

  • Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары үшін — 2 500 АЕК-ке дейін немесе 10 812 500 теңге;
  • Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін — 8 000 АЕК-ке дейін немесе 34 600 000 теңге;
  • Кредиттеу мерзімі — 7 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%.

Басқа жаңалықтар

Back to top button