БастыЖаңалықтар

Өскеменде қосымша жұмыс істеген жасөспірім қолынан айырылды

Өскеменде құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорында бейресми жұмыс істеген жасөспірім қолынан айырылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, аталған оқиғаға бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

– Мұндай оқиға расында болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен жасөспірімге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізілмеген және еңбек шарты жасалмаған. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін оның қорытындысы туралы қосымша ақпарат беріледі, – деді Бақытбек Қизатов брифинг барысында.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 2-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бақытбек Қизатовтың айтуынша, өңірде өндірістегі жазатайым оқиғалардың саны аздап артқан. 2025 жылдың алғашқы жартысында облыста 45 өндірістік оқиға тіркелсе, биыл 55 оқиға тіркелген.

Өндірістік жарақаттанудың ең көп жағдайы Өскемен қаласында тіркелген. Одан кейін Шемонаиха ауданы, Риддер қаласы және Алтай ауданы тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button