БастыЖаңалықтар

ШҚО-да шомылу маусымы басталғаннан бері 8 адам суға батып көз жұмған

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғаннан бері 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шомылу маусымы басталғаннан бері 1300-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО ТЖД еске салады:

– тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;

– балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

– мас күйінде суға түспеңіз;

– шағын көлемді кемелерде демалу кезінде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button