БастыЖаңалықтар

Өскеменде OSKEMEN LIFE 2.0 жазғы фестивалі өтеді

9 шілде күні облыс орталығында OSKEMEN LIFE 2.0 жазғы фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Іс-шара Чехов және Максим Горький көшелері, Арбат, Қасым Қайсенов саябағы аумағында өтеді.

19 маусым күні Өскеменде OSKEMEN LIFE жазғы фестивалі ұйымдастырылып, қала көшелерін ерекше атмосфераға бөлеген еді. Бұл жолы ұйымдастырушылар бағдарламаны кеңейтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына арнап бұрынғыдан да ауқымды іс-шаралар ұйымдастырмақ.

Қала тұрғындары мен қонақтарын ондаған қызықты алаңдар күтеді:

– балаларға арналған самокат жарысы;

– суретшілер аллеясы, қолөнершілер мен креаторлар жәрмеңкесі;

– ойын аймақтары мен интерактивті алаңдар;

– жазғы террасалар;

– караоке, TikTok-аймағы және фотоаймақтар;

– көше музыканттарының өнер көрсетуі және Street Dance Battle би сайысы;

– йога, шай терапиясы, кітаптар мен ойыншықтар алмасу алаңы;

– DJ Battle, жанды музыка, би және мерекелік көңіл күйге толы үлкен сахна.

– Отбасыларыңызбен, достарыңызбен бірге келіңіздер! Осы жаздың тамаша күнін бізбен бірге өткізіңіздер. OSKEMEN LIFE 2.0 – жаздың ең жарқын естеліктері басталатын орын, – дейді ұйымдастырушылар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button