БастыЖаңалықтар

ШҚО-да 100-ден астам адам вакцина салдырудан бас тартқан

Шығыс Қазақстан облысында бес ай ішінде профилактикалық екпелерден бас тартудың 105 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 97 жағдай жеке сенімдерге, бесеуі вакцинаға сенімсіздікке, үшеуі жағымсыз ақпараттың ықпалына байланысты болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Екпеден ең көп бас тарту жағдайлары Өскеменде тіркелген – 80 жағдай. Глубокое ауданында 14 адам екпеден бас тартса, Алтай және Зайсан аудандарында үш жағдайдан тіркелген.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, вакцинациядан көбінесе бір жасқа дейінгі балалардың ата-аналары бас тартады.

Сондай-ақ департамент өкілдері жыл басынан бері облыста екпе алғаннан кейінгі қолайсыз әсерлердің тіркелмегенін хабарлады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button