БастыЖаңалықтар

Шілде айында екі ауданда әкімдер сайлауы өтеді — ШҚО

Тұрғындар ауылдық округтердің әкімдерін сайлайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

5 шілде күні Ұлан ауданындағы Каменка ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді. Әкімдік сайтындағы мәліметке сәйкес, әкім лауазымына үш үміткер тіркелген: Ринат Төлеуханов — «Каменка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Айдар Тоқтамұратов — Каменка ауылдық округінің қазіргі әкімі және Анна Шулятецкая — «Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы.

Сонымен қатар,  5 шілде күні Глубокое ауданы, Верхнеберезовский ауылы әкімінің сайлауы белгіленген. Үміткерлер туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Ал 19 шілдеде Глубокое ауданындағы Кожохово ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді. Бұл сайлауға да қатысатын үміткерлер туралы мәлімет әзірге жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button