Құнды кітаптар сандық нұсақаға көшіріліп жатыр – ШҚО

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-04-2025, 15:13 0

Кітаптарды сандық нұсақаға көшіру жұмысы енді жылдамдай түспек. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы баспа қорын цифрландыруды жеделдету үшін кітапханаға екі жаңа I2S CopiBook Open System планетарлық сканерін сатып алды. Қазіргі заманғы кәсіби сканерлердің көмегімен бірінші кезекте сирек кітаптарды сандық нұсқаға көшіріп бастаған,деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Жаңа I2S CopiBook Open System сканерлері цифрландыру жылдамдығын бірнеше есе арттырып, облыстық кітапхананың баспа қорын электрондық форматқа толығымен түрлендіруге мүмкіндік береді. Жалпы цифрландыру баспа түпнұсқаларының тозуы мен ескіруін бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен қатар пайдаланушыларға бір уақытта ақпарат көзіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, жеке түпнұсқасы жоғалған кезде құжатты қалпына келтіре алады. Сондай-ақ құжаттарды электрондық жеткізу сервисін дамытуға және кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

– Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – кітапхана қорларын электронды форматқа көшіру. Осы стратегиялық бағыт аясында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 9 сәуір күні Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында Кітапхана қорын цифрландыру орталығының ашылуы өтті. Аталған орталық цифрлық кітапхананы құру бойынша ауқымды жобаны іске асыруда маңызды рөл атқарары сөзсіз, – дейді кітапхана қызметкерлері. 

Естеріңізге сала кетейік, кітапхана қорын цифрландыру – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы қызметінің ұзақмерзімді мақсаттарының бірі болып келеді. Бұған дейін «Өлкетану» және «Біздің Абай» қорлары сандық нұсқаға көшірілген. Бұл жолы электронды форматқа аударылатын бірінші кезектегі құжаттар – сирек кездесетін кітаптар болмақ. Олар 1945 жылға дейінгі мерзімді басылымдар және басқа да мәдени-тарихи, ғылыми немесе аймақтық маңызы бар басылымдар. 


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив