Басты
ШҚО-дағы сайлау учаскелеріне алғашқы сайлаушылар келді

Шығыс Қазақстан облысында таң сәріден бастап сайлау учаскелеріне алғашқы сайлаушылар келе бастады.
Учаскелер ашылған алғашқы минуттардан-ақ өңір тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысу үшін дауыс беруге келді.
Бүгін облыстағы барлық 534 сайлау учаскесі сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Сайлаушыларға дауыс беруді ыңғайлы әрі қолжетімді өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 485 873 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Шығыс Қазақстан тұрғындары күні бойы өз сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасай алады.



