БастыЖаңалықтар
Өскеменде ретро-автомобильдер байқауына өтінім қабылдау басталды

28 тамызда қала күніне орай 80–90 жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кеш өтеді.
Көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген дәстүрлі мереке Достық үйінің алаңында ұйымдастырылады.
Бұл күні ретро музыка, ретро киімдер және ретро көліктер өткен жылдардың атмосферасын береді.
Әсіресе ретро-автомобильдер көрмесі бірнеше жыл қатарынан облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырып келеді.
Егер сізде раритетті автокөлік немесе мотоцикл болса және оны бүкіл қалаға көрсеткіңіз келсе, WhatsApp нөмірі бойынша өтінім қалдыруыңыз керек: 8-705-526-16-40 (көліктің фотосуреті мен ол туралы қысқаша ақпаратты қоса тіркеу қажет), — деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Мерекелік бағдарлама барысында жеңімпаздарды бағалы жүлделер күтеді.



