ШҚО-да Ұлы Отан соғысының ардагері 100-ге толды

Макар Харинді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов мерейтойымен құттықтады.
Бозбала шағында майданға аттанған Макар Родионович 52-гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-гвардиялық атқыштар полкінде минометші болып қызмет етті.
Макар Харин 1926 жылы 10 тамызда Алтай өлкесінің Чарыш ауданындағы Маралиха ауылында дүниеге келді. 1943 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, майданға аттанды. 52-гвардиялық атқыштар дивизиясының 153-гвардиялық атқыштар полкінде минометші болып қызмет етті. Ленинград және Прибалтика майдандарындағы ұрыстарға қатысты.
1944 жылы ауыр жараланып, әскерден босатылды. Ерлігі мен қайсарлығы үшін III дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.
Соғыстан кейін туған ауылында еңбек етті. Ал 1961 жылдан бері Өскеменде тұрып жатыр. Мұнда үй құрылысы комбинатында және облыстық газ шаруашылығында жұмыс істеді.
Облыс әкімі ардагерді құттықтап, Макар Хариннің ғасырлық ғұмыры даңғаза сөздерге емес, ерлік, Отанға деген адалдық, ерен еңбек пен туған жерге деген сүйіспеншілікке негізделгенін атап өтті.



